• Басты бет
  • /
  • Сергей Михайлович Маяцкийді еске алуға арналған Ғылым және спорт күні
Сергей Михайлович Маяцкийді еске алуға арналған Ғылым және спорт күні

3 ақпанда ұзақ уақыт 19-мектепті басқарған С.М. Маяцкийді еске алуға арналған дәстүрлі ғылым және спорт күні өтті. Бұл күн С. М. Маяцкийдің ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қоюдан басталды, бір минут үнсіздікпен еске алды. Салтанатты жиында мектеп директоры А.А. Қабдулинова, мереке қонақтары педагогикалық еңбек ардагерлері: В. Г. Макерова, Н. А. Жданова, К. П. Гордеева, Л. И. Фефелова ,В. А. Смоляный құттықтау сөз сөйледі. Ғылым мен спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізген мектептің үздік оқушылары марапатталды.Мереке қонақтары үшін театр үйірмесінің қатысушылары спектакль көрсетті.10 ғылыми секция жұмысында ғылымның түрлі бағыттары бойынша 63-тен астам жоба тыңдалды.Ғылыми секциялардың жұмысына белсенді қатысқан ата-аналарымызға алғыс айтамыз. Қала мектептерінің 7-8 сынып командалары арасында баскетболдан спорттық турнир қызықты өтті. Барлық қонақтарға, оқушыларға, ата-аналар мен мұғалімдерге ғылым және спорт күніне қатысқаны үшін алғыс айтамыз.Мектеп дәстүрлері жыл сайын дамып, көбейе берсін ! Білімге, жаңа ғылыми жаңалықтарға және спорттық жеңістерге деген құштарлығымыз сөнбесін!